ҚМДБ төрағасы Дүниежүзілік Ислам Лигасы өкіліне бас мешітті таныстырды
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшысының халықаралық істер жөніндегі өкілі Әбдел Әзиз бен Ахмад Сархан мырзамен бірге елордадағы Республикалық бас мешіт ішін аралап, қадірлі қонаққа мешіт келбетін таныстырды.
Қадірлі қонақ зәулім құлшылық ордасының сәулеті мен әсемдігінен, онда атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардан, тыныс-тіршілігі мен алдағы жоспарларынан, сондай-ақ «Дін мен дәстүр» орталығы, Балалар алаңы, медиазал секілді арнайы орындардан оң әсер алғанын жеткізді.