preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ төрағасының қатысуымен «Ізгі қоғам» бөлмесі ашылды

ҚМДБ төрағасының қатысуымен «Ізгі қоғам» бөлмесі ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында «Әнет баба» мешітінде «Ізгі қоғам» бөлмесінің ашылуына қатысты.

Бас мүфти игі іс-шара барысында екі жастың ақ некесін қиып, жастарға насихат айтты. Сонымен қатар мүфтият діни қызмет аясында 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялағанын, ізгі қоғам бақытты отбасыдан басталатынын атап өтті. Сондай-ақ Бас мүфти шаңырақ көтерген жастарға Исламдағы отбасы құндылығы жайлы уағыз айтып, ақ некені бұзбауға шақырды.