preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры ерекше балалар орталығына жабдықтар табыстады

ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры ерекше балалар орталығына жабдықтар табыстады

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры арнайы сапармен Қонаев қаласына келіп, ерекше балаларға арналған күндізгі оңалту орталығына әлеуметтік қолдау көрсетті.
Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Қонаев қаласының күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қор тарапынан қажетті жабдықтар табысталды.
Аталған игі іс-шараның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын жақсартып, олардың оңалуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне қолдау көрсету.