preloader

Жаңалықтар

«Қолдан қолға» жобасы: Науқас апамыздың еміне көмек берілді

«Қолдан қолға» жобасы: Науқас апамыздың еміне көмек берілді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Қолдан қолға» қайырымдылық жобасы аясында Бағдат есімді апамыздың еміне қаржылай көмек көрсетілді.

Кәсіпкер азаматтың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан шара барысында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Бағдат апамызға 100.000 тг табыстап, дертіне шипа тіледі.

Дертіне шипа сұрап түрлі ем-шаралар алып жүрген апамыз жомарт азаматқа пен дін қызметкерлеріне алғысын білдірді.