preloader

Жаңалықтар

Қонаев қаласында Бас мүфти кеңесшісі уағыз айтты

Қонаев қаласында Бас мүфти кеңесшісі уағыз айтты

Қонаев қаласы Қапшағай орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас мүфтиінің кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков жамағатпен кездесті.
Кездесуде кеңесші құптан намазынан кейін жиналған қауымға имандылық, ілімге ұмтылу және нәпсіні тәрбиелеу тақырыптарында тағылымды уағыз айтып, жамағатты ізгілікке шақырды.
Жиын соңында Смайыл Сүйерқұлұлы мешіт жамағатына Алладан жарылқау тілеп, еліміздің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасады