preloader

Жаңалықтар

Қонаев қаласында Құрбан айт мейрамы ерекше форматта аталып өтті

Қонаев қаласында Құрбан айт мейрамы ерекше форматта аталып өтті

2025 жылдың 6 маусымында Қонаев қаласындағы “Қапшағай” орталық мешітінде “Ана мен балаларға” арналған Құрбан айт мерекелік шарасы салтанатты түрде ұйымдастырылды.

Алматы облысының өкіл имамы Мадияр Тағайбайұлы жиналған жұртшылықты қасиетті мейраммен құттықтап, айттың рухани мәніне тоқталды. Мешіт ұстаздары Гүлмира Рымханқызы мен Айнұр Хумарбек мерекенің тарихы мен тағылымына арналған әсерлі уағыздар айтып, ата-анаға деген құрметтің дініміздегі орны жайлы насихат жүргізді.

Мерекелік бағдарлама барысында балаларға арналған қызықты ойындар ойнатылып, балмұздақтар мен тәтті сусындар, түрлі ойыншықтар тарту етілді. Бұл бүлдіршіндердің жүзінде шексіз қуаныш сыйлап, айттың шынайы шаттығын сездірді.

130-ға жуық адам қатысқан бұл игі шараны Қапшағай орталық мешітінің жанашыр ұстаздары — Гүлмира Рымханқызы мен Айнұр Хумарбек ұйымдастырды.

Құрбан айттың нұры мен берекесі Қонаев төрінде ерекше жылылықпен сезілді.