preloader

Жаңалықтар

«Қонаев қаласындағы күндіз болу орталығы» КММ-не ерекше сый жасалды

«Қонаев қаласындағы күндіз болу орталығы» КММ-не ерекше сый жасалды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысындағы филиалы «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында «Қонаев қаласындағы күндіз болу орталығы» КММ-не ерекше сый жасады.

Мерекелік шара аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы және «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысы бойынша өкілі Ринат Маратұлы мекеме директоры Римма Төреханқызына ерекше балаларға арналған «бизибордтың» 2 данасын табыс етті.

Бұл шара «Зекет және қайырымдылық» қорының еліміз бойынша ерекше балалардың күтімімен айналысатын орталықтарға бизиборд құрылғысының 1000 данасын жеткізу бастамасы негізінде жүзеге асқанын айта кеткеніміз жөн.