preloader

Жаңалықтар

Қонаевта «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы ашылды

Қонаевта «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы ашылды.

Игі шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

«Зекет және қайырымдылық» қорының өңіріміздегі жауапты өкілі Ринат Маратұлы қонақтарды орталықпен таныстырып, алдағы уақытта осы орталық арқылы қайырымдылық істер жандана түсетінін тілге тиек етті.