“ҚҰРАН – ЖҮРЕГІМНІҢ КӨКТЕМІ” АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ
Алматы облысы Жамбыл ауданы орталық Шынасыл мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Құран – жүрегімнің көктемі” атты рухани кеш өтті. Кешті ауданның бас имамы Тойчибаев Б.А. мен Жамбыл ауданы әйел-қыздар секторының жетекшісі Омарбекова Р.Ш. кіріспе сөздерімен ашып берді. Жиында “Ислам және отбасы құндылықтары” жылы аясында әйел адамның Құранмен дос болуы, құран оқу артықшалақтары туралы уағыз-насихаттар айтылды. Рухани кешке Әл-Азхар университетінің түлегі, Нұрмүбәрәк Университетінің PhD докторы, араб тілі кафедрасының ұстазы – Сариева Жадыра және ауданымыздың ұстаздары шақырылды. Сонымен қатар, әйелдер жамағатына құранды рубғ бойынша оңай оқып, үйрену және оқу жылдамдықтарын арттыру тәсілдері дәріптелді. Аталмыш рухани кешке келген жамағатпен әртүрлі қызықты ойындар ойнатылып, ауданымыздың нәзік жанды кәсіпкерлері ұсынған сыйлықтар табысталды. Кешіміздің ең маңызды сәті, ол – жаңадан Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізу. Сонымен бірге “Құран – жүрегімнің көктемі” атты рубғ бойынша құран хатым тобының 3 жылдығына орай, топтың ең белсенді мүшелеріне алғыс хат берілді. Рухани кешіміздің басты демеушілеріне Алла кәсіптеріне береке берсін.



