preloader

Жаңалықтар

ҚҰРАНДЫ ЖҮРЕККЕ ЖАЗҒАН АРУ: ОМАРБЕКОВА АРУЖАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ 2-ШІ ОРЫН ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ҚҰРАНДЫ ЖҮРЕККЕ ЖАЗҒАН АРУ: ОМАРБЕКОВА АРУЖАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ 2-ШІ ОРЫН ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Шымкент қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Құранды жатқа оқудан қыздар арасындағы IV республикалық байқаудың марапаттау рәсімі өтті. Қасиетті Құранды жүрегіне қондырып, Алланың сөзін өміріне серік еткен жас қарилар ел ықыласына бөленіп, үлкен марапатқа ие болды.

Атап айтқанда, бұл байқауда өзінің терең білімімен, ерекше ынта-жігерімен көзге түскен Алматы облысының тумасы Омарбекова Аружан Манарбекқызы 2-ші орын жеңімпазы атанды. Ол – Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылының тумасы. Құран жолындағы алғашқы қадамдарын 2021-2023 жылдары Түркістан облысы, Кентау қаласындағы “Бала би” қарилар дайындау орталығында бастаған. Осы орталықта оның бойына Құранға деген махаббат пен ижтиһад рухын сіңірген ұстаздары – Сайдахметова Камола, Назерке Әкішқызы және Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы “Ратбек қажы” қайырымдылық мекемесінің ұстазы, хафиз Алима Құрманәліқызы.

Жеткіншек қаридің білім жолы мұнымен тоқтап қалған жоқ. 2024-2025 жылдары Аружан Түркияның Стамбул қаласындағы “Қамар” медресесінде білімін тереңдетіп, Асым қырағаты бойынша Шуғба және Хафс риуаятына сәйкес иджаза алған. Бұл — Құран іліміндегі үлкен жетістік пен биік дәреженің белгісі. Омарбекова Аружан ҚМДБ Төрағасы атынан алғыс хат пен арнайы қаржылай сыйлыққа ие болды. Оның бұл жеңісі — тек жеке табыс емес, ауылынан бастап, бүкіл елге үлгі боларлық рухани жетістік. Құран нұрымен нұрланған жүректерге Аружанның жолы – шынайы ихсан мен ілімнің көрінісі.