preloader

Жаңалықтар

«Құранмен қауышу» атты шара ұйымдастырылды

«Құранмен қауышу» атты шара ұйымдастырылды

Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлының бастамасымен «Түркістан» мешітінде рухани шара ұйымдастырылды.

Қасиетті Рамазан айының алғашқы он күні «мейірім күндері» деп аталатын білеміз. Биыл бұл күндер мектеп оқушыларының көктемгі демалыстарына сай келді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланған ата-атаналар қыздарын құлшылық үйіндегі дәрістерге қатыстырып, имандылық негіздерін үйренуіне себепші болды.

Сауат ашу курсының соңғы күні мешіт ұстаздары Құранға түскен шәкірттеріне Алланың кітабын сыйға тартып құрмет көрсетті.

Рухани шараға қонақ ретінде қатысқан ата-аналар қыздарының жетістіктеріне дән риза болып, ұстаздарға шексіз алғыстарын білдірді.