preloader

Жаңалықтар

Құрбан айт қарсаңында қасапханалар тексерілді

Құрбан айт қарсаңында қасапханалар тексерілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Құрбан айт мерекесіне орай Қарасай, Ұйғыр және Іле аудандарында орналасқан қасапханалардың жұмысы тексерілді.

Аталмыш тексеру шаралары барысында «Халал Даму» ЖШС-нің Алматы облысындағы жауапты өкілі Жәнәбіл Ахметбекұлы құрбандық шалатын орындар, мал бауыздайтын қасапханалар, құрбандық етін сақтайтын тоңазытқышы бар қоймалардың санитарлық талапқа сәйкестілігін бақылап, жергілікті жауапты азаматтармен сұхбаттасып, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.