Қырғауылды ауылындағы Халифа қажы Алтай мешітінде рухани жарыс өтті
Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылындағы Халифа қажы Алтай мешітінде әйелдер мен қыздар жамағаты арасында Құранның «Жұма» сүресінен рухани бағыттағы сайыс ұйымдастырылды. Шараны мешіт ұстазы Назерке Таласқызы ұйымдастырды, оның негізгі мақсаты – жамағаттың діни білімін арттыру және Құранға деген сүйіспеншілігін күшейту болды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Бірінші орын – Мейірхан Аягөз (Түркістан-1 мешіті). Сыйлығы: 20 000 тг
Екінші орын – Мансурова Ханифа (Дүйсебай қажы мешіті). Сыйлығы: 15 000 тг
Үшінші орын – Шамова Әмина (Түркістан-1 мешіті). Сыйлығы: 10 000 тг
Сонымен қатар, барлық қатысушыларға Құран кітаптары сыйлық ретінде табысталды. Шараға атсалысқан ұстаздарға да арнайы сыйлықтар берілді.



