preloader

Жаңалықтар

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ 2024 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ 2024 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет жыл басындағы бағдарлық баяндамасында 2025 жылды “Ислам және дәстүр құндылығы” жылы деп жариялаған болатын. Алматы облысы өкілдігіне қарасты Райымбек ауданының имамдары аталмыш жыл аясында бірқатар ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды.

Осыған орай, мүфтият бекіткен 5-бағыт негізіндегі жоспарға сай,19.12.2024 ж Райымбек ауданының бас имамы Азамат Бексұлтанұлы ауданға қарасты 16-мешіт имамдарының жылдық есебін тыңдап,2024 жылы атқарылған жұмыс барысын қортындылады. Ауыл имамдары есеп берді. Басымдықтар мен кемшіліктер турасында кеңінен айтылып, келешекте бұдан да жақсы жұмыс атқаруға ниеттерін білдірді. Аудан имамы Азамат Бексұлтанұлы: «Алматы облысының өкіл имамы Мадияр Тағайбайұлынан 3-ші дәрежелі “Үздік аудан” номинациясын алғандығымыз қажырлы еңбек етіп, жұмыс жасаған ауыл имамдарының ерен еңбегі», — деп атап өтті.
Аудан имамы 7-ардагер жасы үлкен имамдарға иықтарына шапан жауып, сыйлық беріп, алғыс хатпен марапаттады. 9-жас имамдарға бағалы сыйлық беріп, алғыс хат табыстады.
Шара соңынан дастархан жайылып, ардагер имам Нұрболат Сүлейменов  бата берді.