РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: «ДІН МЕН ДӘСТҮР» БАҒЫТЫНДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ
ҚМДБ-ның 2025 жылды “Ислам және отбасы құндылығы” жылы деп жариялауына орай, “Дін мен дәстүр” бағыты аясында Райымбек аудандық “Әбдіғали Жетенұлы” мешітінде ерекше рухани шара – «Дін мен дәстүр-3» кітабы негізінде жамағат арасында білім сайысы ұйымдастырылды.
Ауданға қарасты 16 мешіттің ішінен 11 мешіттен келген жастар үміткер ретінде қатысып, білімдері мен пайым-парасатын сынға салды. Сайыс қасиетті Құран оқумен ашылып, аудан имамы дұға жасап, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Рухани тағылымға толы сайыстың нәтижесінде:
🥇 1-орынды Нарынқол ауылынан – Исенбаев Қайрат,
🥈 2-орынды Сарыбастау ауылынан – Кілім Нұржан,
🥉 3-орынды Қызылшекара ауылынан – Қабылбайұлы Айдос иеленді.
Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтарды Райымбек ауданының бас имамы Азамат Бексұлтанұлы салтанатты түрде табыс етті.
Сайыс соңында жастар жамағаты осындай тағылымы мол, имандылықты насихаттайтын шаралар жиі ұйымдастырылса деген ізгі тілектерін білдіріп, рухани серпіліспен тарқасты.



