preloader

Жаңалықтар

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында, «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінің бас имамы Азамат Бексұлтанұлы Б.Соқпақбаев атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу «Жаман әдет – жолсыздық, жақсы әдет – жарық жол: буллинг, лудомания және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өтті. Бас имам жастарға аталмыш теріс әрекеттердің зардаптары мен қоғамға, жеке тұлғаға тигізер зияны жайлы кең көлемде түсінік беріп, діни және ұлттық құндылықтар тұрғысынан насихат жүргізді.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Шара жастардың жат әдеттерден бойын аулақ ұстап, дұрыс жолды таңдауға бағытталған тағылымды кездесу болды.