preloader

Жаңалықтар

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: «ПАЙҒАМБАР ШАҢЫРАҒЫНЫҢ ТӘРБИЕСІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: «ПАЙҒАМБАР ШАҢЫРАҒЫНЫҢ ТӘРБИЕСІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ-ның “Дін мен Дәстүр” бағыты аясында Райымбек ауданы «Жаңатекес» ауылдық мешітінде қыз-келіншектерге “Пайғамбар шаңырағының тәрбиесі” тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға арнайы ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызы қатысып, отбасы тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Райымбек ауданының бас имамы Азамат Бексұлтанұлы отбасы тәрбиесіндегі әке рөлі жайлы тарқатып айтты. Әр түрлі тәрбиелік мәні бар ойындар мен викториналық сұрақтар семинарға келген әйел жамағатын қызықтырды. Жауабын тапқандарға сыйлықтар берілді. Шара соңынан дастархан жайылып, ас берілді.
Райымбек ауданының қыздар жамағаты үлкен алғыстарын білдіріп, келешекте осындай отбасылық семинар, іс-шаралардың көптеп болуын сұрап, ризалықпен тарқасты.