preloader

Жаңалықтар

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: ЖАС ЖАНҰЯЛАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: ЖАС ЖАНҰЯЛАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ ның “Ихсан және насихат” бағытының аясында Алматы облысы өкілдігіне қарасты Райымбек ауданы Нарынқол ауылы “Әбдіғали Жетенұлы” мешітінде “Ислам және отбасы”тақырыбында жас жанұяларға арналған семинар өткізілді.

Ауданның бас имамы Азамат Бексұлтанұлы “Ислам және отбасы” турасында терең ақпарат бере отырып,рухани сабақ жүргізді. Семинарда сергіту ретінде қатысушылар жүректі қолдан-қолға бере отырып, бір-біріне жүректен жақсы сөз арнады. Жас жұбайлар пазл құрау арқылы жарысқа түсіп, жүлдеге сыйлықтар табысталды. Қатысушыларға дәмді дастархан ұйымдастырылып, шара соңында жастарға бата берілді.