preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында білім сайысы өтті

Райымбек ауданында білім сайысы өтті

ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыттың бірі – «Діни оқу-ағарту» бағытының жылдық жоспарына сәйкес Алматы облысы Райымбек ауданының мешіттерінде өтіп жатқан «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсының шәкірттері арасында білім сайысы ұйымдастырылды.

Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінде өткен игі іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды.

Алғаш сөз алған Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы шараның маңыздылығына тоқталып, жылы лебізін білдірді. Осыдан кейін Райымбек ауданы әкімінің орынбасары қызметін уақытша атқарушы Гуля Смағұлқызы, «Нарынқол» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Айбек Беделхан қатысушыларға сәттілік тіледі.

Нарынқол, Сарыжаз, Текес, Сарыбастау, Жаңатекес ауылдарынан келген 70 шәкірттің білімін облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының төрағалық етуімен, Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы және Сәкен Еншібайұлы сынды білікті дін қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы төрелік етті.

Жарыс нәтижесі төмендегідей:

Ұл шәкірттер арасындағы Құран жарысы:

1-орын иегері Әлғожа Нұрасыл 150 мың теңге;
2-орын иегері Қали Ахмет 100 мың теңге;
3-орын иегері Тұрсынбек Ислам 70 мың теңге.

Қыз шәкірттер арасындағы Құран жарысы:

1-орын Мұхтар Азиза 150 мың теңге;
2-орын Сайлаубай Мәриям 100 мың теңге;
3-орын Кемелбай Зере 70 мың теңге.

«Имандылық әліппесі» бойынша білім сайысы:

1-орын Нұрғали Қарақат 150 мың теңге;
2-орын Азаматұлы Асанәлі 100 мың теңге;
3-орын Бөденбай Айқын 70 мың теңге.

Өзге қатысушы шәкірттерге де 10 мың теңгеден ынталандыру сыйлықтары берілді. 

Аталмыш шараға қолдау көрсеткен «Нарынқол» қоғамдық бірлестігіне және «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қорына алғысымызды білдіреміз!