Райымбек ауданында нашақорлықтың зияны жөнінде кездесу өтті
ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында, «Ислам және жастар ісі» бағыты бойынша 2025 жылғы 19 қыркүйекте Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінде тағылымды кездесу өтті.
Жиынды мешіттің бас имамы Бухарбеков Азамат Бексұлтанұлы ұйымдастырды. Басқосуға Райымбек аудандық «Жастарға қызмет көрсету ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері және аудан жастары қатысты.
Кездесу барысында «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбы кеңінен талқыланып, қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Аудан имамы жастарға нашақорлықтың жеке тұлғаға да, қоғамға да тигізер орасан зияны туралы насихат айтты.
Жиын соңында бас имам дұға жасап, қатысушыларға бата берді.



