preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында Мәуліт шарасы өтті

Райымбек ауданында Мәуліт шарасы өтті

ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы құндылығы жылы» аясында Алматы облысы Райымбек аудандық «Баққожа Мұқай» атындағы орталық мәдениет үйінде «Ізгілік жаршысы – Мұхаммад (с.а.у)» атты Мәуліт рухани шарасы ұйымдастырылды.

Игі жиынға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Райымбек ауданының бас имамы Азамат Бексұлтанұлы, аудан әкімінің орынбасары Жанарбек Жантөреұлы, сондай-ақ ауданға қарасты ауыл имамдары, мекеме басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шара Құран оқумен басталып, тағылымды бейнеролик көрсетілді. Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы бата жасап, әсерлі уағыз айтты. Аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөзін жеткізсе, Еркебұлан қари Мәуліт жырын оқыды.

Қатысушыларға сыйлықтар мен раушан гүлдері үлестіріліп, Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде өтті.