preloader

Жаңалықтар

Рамазан айында мүгедек жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді

Рамазан айында мүгедек жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы облысы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Игі бастама аясында «Жаңатұрмыс» мешіті имамы Бидайбек Жайсанғали Жапбарұлы және «Жақсылық Үшкемпірұлы» мешіті имамы Құдайбергенұлы Шохан бастаған «Жақсылық жастары» еріктілер тобы Талғарқаласындағы «Мүгедектер» үйіне арнайы барып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Шара барысында 50-ге жуық адамға азық-түлік себеттері таратылып, рухани қолдау көрсетілді. Сонымен қатар өнерпаз жастар ән шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кеш соңында қос имам мүгедек жандарға жылы лебіздерін білдіріп, Рамазан айының берекесі мен шапағатын тіледі. Қатысушылардың алғысқа толы сөздері мен жүздеріндегі қуаныш осы шараның басты нәтижесі болды.