РАМАЗАН ҚАЙЫРЫМ АЙЫ
Алматы облыстық “Қапшағай”мешітінің наиб имамы және Алматы облысы бойынша ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының өкілі Қаби Ринат және Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы “ҮШҚОҢЫР МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІ” қыздар бөліміне арнайы барып тағылымды насихат жұмыстарын жүргізді. Шара барысында бас имам қыз шәкірттерге “Қолдан қолға” жобасы бойынша қаржылай сыйлықтар табыстап, “Құран сыйла уақып ет” жоба аясында арабша 50 дана Құран кәрім табыстады. Айта кетейік, қасиетті Рамазан айында сауапты істер жеті жүз есеге дейін көбейтілетін сауабы мол шарапатты ай. Алла Тағала жаны жомарт, қолы ашық демеушілік жасаған азамматарға Алланың нұры жаусын!



