РАМАЗАНДАҒЫ ТОСЫН СЫЙ
Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық “Түркістан-1” мешітінің бас имамы Дәуренбек Жандосұлы аудандық мешіттің ұстазы Дүйсехан Нұрбердіге кіші қажылық сертификатын табыстады. Қадір түніне жиналған жамағат алдында аудан имамы дін қызметкеріне тосын сый кіші қажылық сертификатын табыстап, демеушілерге алғысын білдірді.
Аудан имамы қасиетті мекенге зиярат ету Алла Тағаланың сүйген пенделеріне нәсіп болатын бақыт, алдағы уақытта дін саласына сүбелі үлес қосуды нәсіп етсін деп ұмраға ие болған ұстазға үлкен үміт артатынын жеткізді.



