preloader

Жаңалықтар

Рамазан айының құрметіне балаларға сыйлық жасалды

Рамазан айының құрметіне балаларға сыйлық жасалды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешіті жетім және асыраушысы жоқ балаларды қуанышқа бөледі.

Аудан бас имамы Дархан Аманұлының бастамасымен жүзеге асқан игі шара барысында 20 балақай Өтеген батыр кентінде орналасқан «Сафари» ойын-сауық орталығында тегін ойнауға мүмкіндік алды. Содан кейін, балаларға дастарқан жайылып, тәттілер салынған «Рамазан базарлығы» қорапшалары үлестірілді.