Райымбек ауданына жаңа бас имам тағайындалды
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Райымбек ауданында болды.
Жұма намазының алдында облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған аудан имамы Азамат Бексұлтанұлын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, облыс бас имамы бұған дейін Райымбек ауданының бас имамы болып қызмет атқарған Манап Исаболға алғыс айтты.
Сапар барысында облыс бас имамы Райымбек ауданының әкімі Берік Фатықұлымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі, діни ахуал және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Бұдан бөлек, облыс бас имамы аудан басшысына аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінің жаңа бас имамы Бұхарбеков Азамат Бексұлтанұлын таныстырды.