preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында Республикалық Құран сайысына іріктеу басталды

Алматы облысында Республикалық Құран сайысына іріктеу басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша өтетін XIV республикалық Құран жарысына Алматы облысы бойынша іріктеу сайысы басталды!

Алматы облыстық Қапшағай мешітінде өтіп жатқан бұл жарыс — қатысушылардың Құранға деген махаббатын, жаттаған аяттарының және оқу мәнерінің ел алдында дәлелдейтін алтын мүмкіндік!

Айта кетерлігі іріктеу сайысына 105 үміткер 4 номинация бойынша бақ сынады.

Сонымен қатар, қатысушыларға мынандай талаптар қойылды:

✅ Қазақстан Республикасының азаматы болу;

✅ 30 жастан аспауы тиіс;

✅ Бір ғана номинацияға қатысуға рұқсат;

✅ Қатысушы құжаттарының толық болуы шарт;

✅ Бұған дейін республикалық жарыста жүлде алмаған болу;

✅ Халықаралық жарыста жүлде алмаған болу;

✅ Ұл-қызыңыз Құран жаттаған болса, осы үлгілі додада бақ сынасын!