preloader

Жаңалықтар

Республикалық Құран байқауында Алматы облысының қарилары жүлдегер атанды

Республикалық Құран байқауында Алматы облысының қарилары жүлдегер атанды

Талдықорған қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІV республикалық байқау өз жалауын көтерді.
Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 80 үміткер қатысып, Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу бойынша бақ сынады.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ сауапты іске демеушілік жасаған Бахаридин Аблазимов, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Алматы облысының атынан қатысқан қарилар да байқауда жүлделі орындарға ие болды:

  • Толық Құранды жатқа оқу бойынша 5-орын (1 000 000 тг)Сейтқасым Нұртілеу

  • Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша 3-орын (1 500 000 тг)Мағауия Айқын

  • Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша 2-орын (1 000 000 тг)Нұрислам Тұражанов

Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қасиетті Құранды жатқа оқуға деген жастардың қызығушылығын арттырды.