preloader

Жаңалықтар

Сауат ашу курсының шәкірттері серуенге шықты

Сауат ашу курсының шәкірттері серуенге шықты

«Jana Urpaq» қоғамдық қорынының ұйымдастыруымен Алматы облыстық мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсының шәкірттері Қапшағай су қоймасына яхтамен серуенге шықты.

Шәкірттерді сергіту үшін және оларға жақсы көңіл күй, ерекше әсер алуларына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған серуеннен кейін, оларға арнайы түскі ас берілді. Жомарт жанды азаматтардың айтуынша бұл шара үздік шәкірттердің жетістіктерін атап өтуге және өзгелерді ынталандыруға бағытталды.