preloader

Жаңалықтар

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН МҰРАЖАЙЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН МҰРАЖАЙЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы,Талғар ауданы,Жаңалық ауылының «Саяси қуғын — сүргін» мұражайында «Деструктивті жат ағым — дін емес» тақырыбында имамдарға семинар өтті. Семинар барысында «Саяси қуғын — сүргін мұражайы» таныстырылып, имамдар рухани азық алды. Және «Алаш Арыстары» мешітінде ас беріліп, репрессия кезінде атылған Алаш қайраткерлері мен бабаларымызға құран бағышталды.
Семинарда Нұр — Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің докторантура лекторы Тәжібаев Серік Қажымұқанұлы, Алматы облыстық оңалту бағытының жауапты маманы, Қапшағай қалалық мешітінің наиб имамы Сүлейменов Талғат Абайұлы, Талғар ауданының бас имамы Ерқанат Серікұлы сөз сөйледі.