preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды

Іле ауданы: Шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Нұрғиса Тілендиев ауылдық «Сманқұл» мешітінің  ұйымдастыруымен «Имани жаз 2023» сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құранды жатқа және мәнерлеп оқу бойынша жарыс өтті.

Жарысқа қатысушылар 30-шы пара, яғни «Нәбә» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу, сондай-ақ аталмыш параның 25 және 10 сүресін жатқа оқу аталымдары бойынша бақ сынасты. Құран жарысына білікті дін қызметкерлері төрелік етті.

Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Жарыс нәтижесі төменде:

«Нәбә» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқудан:

І орын – Мухамметәмин Оралұлы;

ІІ орын – Низамиддин Әшімұлы;

ІІІ орын – Айниддин Шәмкей.

30-шы параның 25 сүресін жатқа оқудан:

І орын – Хабибрахман Хамит;

ІІ орын – Мухаммадәмин Нұрланұлы;

ІІІ орын – Абдулла Бердібекұлы.

30-шы параның 10 сүресін жатқа оқудан:

І орын – Нұрмұхаммед Сәкенұлы;

ІІ орын – Хабибрахман Нұрболатұлы;

ІІІ орын – Жармұхаммад Сакенұлы.

«Сманқұл» мешітінің имамы Сәкен Еншібайұлы аталмыш жарыста жүлделі орын алған шәкірттерге қаржылай сертификаттар, 20 қатысушыға ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.

Бұдан бөлек, үлгілі тәртібі мен сауат ашу курсындағы озаттылығы үшін Абдурахман Сакенұлы есімді шәкіртке велосипед сыйға берілді.