Заречный мешіті: Шәкірттерге арналған мастер-класс өтті
Алматы облысы Қонаев қаласының маңындағы Заречный мешітінде жазғы сауат ашу сабағына қатысып жүрген қыз балаларға арналған мастер-класс өтті.
Асханада өткен шара барысында Заречный мешітінің бас имамы Адембек Бейсен имам ата- аналарға «Отбасындағы қыз баланың мәртебесі» тақырыбында насихат айтса, құлшылық үйінің ұстазы Нұрмағамбетова Бақытнұр «Бала тәрбиесі» тақырыбы аясында қажетті мәліметтерді беріп өтті.
Танымдық шараның негізгі бөлімі екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде шеф-повар Барысова Рысгүл ханым қыз шәкірттерге асхана әдебін түсіндіріп, тәтті тоқаштарды пісірудің қыр-сырларын үйретті. Екінші кезеңде шеф-повар Баян апамыз көкөністер пен жеміс-жидектерден жасалатын бірқатар тағам түрлерін көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.
Шара соңында шәкірттер өздері жасаған тәттілері мен салаттарын ата-аналарына ұсынып, лайықты бағасын алды.