preloader

Жаңалықтар

«Шарапатты Рамазан»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді

«Шарапатты Рамазан»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді

Іле ауданының дін қызметкерлері және «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшелері үшін «Шарапатты Рамазан» атты ауызашар дастарқаны жайылды.

Жомарт азаматтардың қолдауымен Өтеген батыр кентіндегі «Жұлдыз» мейрамханасында өткен рухани шараның алғы сөзін Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы алып, жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

«Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Ринат Маратұлы Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізіп, «Рамазан – мейірім айы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Дін қызметкерлерінің атынан 60 жанға «Рамазан сыйлығы» табысталды. Өз кезегінде, «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Күлән Құманқызы имамдарға ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.