preloader

Жаңалықтар

ШЕЛЕК АУЫЛЫНДА КЕЛІНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ШЕЛЕК АУЫЛЫНДА КЕЛІНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы “Нұрмұхаммед” мешітінде “Жақсы келін-ырысым” атты келіндер байқауы өтті.

Іс-шараға ҚМДБ “Әйел-қыздар” секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызы қатысып, отбасындағы ене мен келін тақырыбында уағыз-насихат айтты. Ұлбике ұстаз бен әйел жамағаты бірлесе отырып “Жақсы келін-ырысым” тақырыбы аясында кездесу мәнін ашатын сұрақ-жауап талқыланды. “Дін мен дәстүрін ұштастыра білген қазақы түсінік бойынша отбасындағы келін мен ене татулығы мен ырысы ұрпақ келешегінің кепілі” , – деп атап өтті ұстаздар. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға сертьификаттар ұсынылып, бағалы сыйлықтар табысталды.