preloader

Жаңалықтар

ТАБИҒАТТА ТАНЫМДЫ ДЕМАЛЫС ӨТТІ

ТАБИҒАТТА ТАНЫМДЫ ДЕМАЛЫС ӨТТІ

Талғар ауданының имамдары табиғат аясында демалып әрі үлгі боларлық шаралар ұйымдастырды. Өзгеге жақсы нәрсені насихаттаумен қатар өзің осы істе үлгі болсаң нұр үстіне нұр екені хақ. Осы орайда аудан имамдары табиғатта кездесіп, «Дін мен дәстүрді» дәріптеген шаралар өткізді. Яғни, өзара қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, сайыстар ұйымдастырды. Атап айтсақ, қол күрес, арқан тарту, садақ ату, сынды ойындар өткізіп, үздік нәтиже көрсеткен имамдарға бағалы сыйлықтар берілді. Басқосуға мұрындық болған аудан имамы Ерқанат Серікұлы аудан имамдарына насихат айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ауданның діни ахуалының тұрақты болуына, Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосып жүрген имамдар осылайша бір серпіліп қайтты.