preloader

Жаңалықтар

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігінің және жеке өзімнің атымнан сіздерді ата-бабамыз аңсап өткен, қазақ халқының сан ғасырлы арманы болған Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!

Бүгінгі күні бәрімізге ортақ, қайталанбайтын, бірегей ел тарихы жазылуда. Осы жауапкершілікті сезініп қана қоймай, күш-жігерімізді, білімімізді, әлеуетімізді баршамыздың ортақ ісіміз – Отанымыздың өркендеуіне бағыттауымыз қажет деп санаймын.

Асыл дінімізде де отансүйгіштікке, туған елдің қадірін білуге айрықша мән берілген. Сөздерімді Ибраһим пайғамбардың (а.с.) дұғасымен аяқтағым келеді: «Уа, Раббым! Бұл жерге құт-береке дарытып, өзіңнің кеңшілігіңмен басқа жұрттан артық еткейсің. Адамдардың жүрегі баруға құлшынып тұратын киелі мекенге айналдырғайсың. Тілегімді қабыл ала көр».

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз баянды болсын ағайын. Әмин!

Мадияр қажы Тағайбайұлы,

Алматы облысының бас имамы