«ТАЙҚАЗАН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық”қоры Алматы облысы бойынша өкілдігі “ТАЙҚАЗАН” қайырымдылық шарасын өткізді.
Қонаев қаласы «Қапшағай» орталық мешітінде өткізілген қайырымдылық шарасында әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы және жалғыз басты 120 отбасына 1 айлық азық-түлік себеттері үлестірілді. Аналар қайырымдылық көмек ұйымдастырушыларына және дін қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.