preloader

Жаңалықтар

Талдыбұлақта игі іс – ел ынтымағымен жүзеге асты

Талдыбұлақта игі іс – ел ынтымағымен жүзеге асты

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылындағы «Дейілда Ана» мешітінің ауласында 400 адамға арналған қатымхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шара қазақы дәстүрге сай құрбандық шалумен басталып, жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарға ас берілді. Салтанатты сәтте лента қиылып, ел ағалары мен ақсақалдар ақ батасын арнады.

Бұл игі нысан – халықтың ауызбіршілігі мен асар дәстүрінің жарқын көрінісі. Ел игілігі үшін бой көтерген қатымхана енді мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындарына рухани әрі қоғамдық қызмет көрсететін маңызды орынға айналмақ.

Алла Тағала жасалған сауапты істі қабыл етіп, бірлігімізді нығайта берсін!
Елге қызмет еткен барша азаматтарға алғысымыз шексіз!