ТАЛҒАР АУДАНЫ: ҚАРИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН РУХАНИ КЕШ ӨТТІ
Талғар ауданы «Рахымберген қажы» мешітінде Алматы облысы бойынша “Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен “ Қариясы бардың — қазынасы бар” тақырыбында рухани кеш ұйымдастырылды.
Кештің ашылуы қасиетті Құран аяттарымен басталып, мәуліт оқылды. Рухани шараға аудан имамы Ерқанат Серікұлы қатысып, алғы сөз сөйледі. Сондай — ақ, «Рахымберген қажы» мешітінің имамы Мейрамбек Ақылбекұлы шараның маңыздылығын атап өтті. Кеш барысында ардагер ақсақалдарымыздан бата алып, ақ жаулықты аналарымыз тілегін білдірді. Қатысушы үлкен кісілерге мешіт атынын сыйлықтар берілді. Шәкірт қыздардың орындауында арнау өлеңдер мен күй ойналды. Кеш соңында қатысушылар арасында умра қажылығы ойнатылып, кеш хатым дұғасымен аяқталды.