preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: 60 тан астам жанұяға көмек көрсетілді

Талғар ауданы: 60 тан астам жанұяға көмек көрсетілді

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылдық «Шариф» мешітінде «Тайқазан» жобасының кезекті ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының өңіріміздегі жауапты өкілі Ринат Маратұлы, Талғар ауданының бас имамы Ерқанат Серікұлы, Талғар ауданының құрметті азаматы әрі ақсақалдар алқасының мүшесі Марат Қожанбердиев, Бесағаш ауылының әкімі Жунусов Ернат Ниетбайұлы, Мұстафа Өзтүрік атындағы тхэквондо федерациясының төрағасы Қайыр Мейірбекұлы, Бесағаш ауылдық «Шариф» мешітінің имамы Айдын Жеңісұлы қатысты.

Қайырымдылық шарасы барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 62 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді. Бұдан бөлек Ерқанат Серікұлының бастамасымен және Айдын Жеңісұлының ұйымдастыруымен аталмыш азаматтарға ақ дастарқан жайылды.

Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Әмин!