Талғар ауданы: Бала шәкірттерге дастарқан жайылды
ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыттың бірі – «Діни оқу-ағарту» бағытының жылдық жоспарына сәйкес Алматы облысының мешіттерінде «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын жалғастыруда.
Талғар ауданына қарасты мешіттерде аталмыш сауат ашу курсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, шәкірттер имандылық бағытында сабақтар алуда.
Шәкірттерді сергіту үшін және оларға жақсы көңіл күй, ерекше әсер алуларына жағдай жасау мақсатында Талғар ауданының бас имамы Ерқанат Серікұлының бастамасымен Бесағаш ауылдық «Шариф» мешітінің имамы Айдын Жеңісұлының ұйымдастыруымен ақ дастарқан жайылды.
Ауқымды шараға облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы, өңіріміз бойынша Діни оқу-ағарту бағытына жауапты қызметкер Сәкен Еншібайұлы арнайы қатысып, оқу процесімен және шәкірттердің сауат ашу курсындағы өмірімен танысты.