ТАЛҒАР АУДАНЫ: «БИЕКЕ БАТЫР» МЕШІТІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ
Талғар ауданы, «Биеке батыр» мешітінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жиын өтті.
Жиынды ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігінің мешіт істері бағытының жауапты маманы Дәуренбек Жолдасұлы, Талғар ауданы әкімдігінің теолог маманы Әбді Әділет, Алматы облысының мемлекеттік инспекторы Эльвира Аязбекқызы жүргізді. Жиын барысында сала мамандары мешіт салу кезіндегі еркеретін ережелер, құжаттар, рәсімдеу кезеңдері, мешіт қызметкерлеріне Еңбек кодексінде мән беруі тиіс мәселелері турасында ашып айтты. Қатысқан имамдар сауалдарын жолдап, мешітті құжаттандыру бойынша кеңес алды. Осы шара аясында, Дәуренбек Жолдасұлы мен аудан имамы Ерқанат Серікұлы ауданда құрылысы жүріп жатқан қыздар медресесі мен жаңа мешіттің жағдайымен танысты.