preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ТАЛҒАР АУДАНЫ: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Талғар ауданында «Ихсан — рухани тәрбие негізі» тақырыбында өңір имамдарына арналған семинар өтті.

Семинарда аудан имамы Ерқанат Серікұлы Ихсан тақырыбының маңыздылығын ашып, оның имамдардың насихат жүргізуі барысында білуі маңызды бағыт екенін атап өтті. Талғар ауданы «Достық » мешітінің имамы Ербол Серікбайұлы «Ихсан — тәрбие негізі», «Уағыз айтудың әдебі » тақырыптарында семинарды жүргізіп, имамдарға қажетті ақпараттармен бөлісті. Аудан имамы өңір имамдарының жұмыс барысына сараптама жасап, сапаға мән беруді тапсырып, сауалдарға жауап берді.