ТАЛҒАР АУДАНЫ: ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық » мешітінде ҚМДБ бекіткен бес бағыт бойынша жауапты мамандарға арналған жиын өтті.
Аудан имамы Ерқанат Серікұлы бес бағыт бойынша атқарылған шаралар туралы есепті тыңдап, толықтыру керек тұстарын айтты. Уағыз- насихат, Зекет, Халал бағыттары бойынша жұмысты күшейту керектігін ескертті. Жалпы Талғар ауданына қарасты мешіттер барлық бағыт бойынша белсенді еңбек етіп келеді. Оның ішінде дін мен дәстүрді дәріптеу, ақпараттандыру,жат ағымның алдын алу жұмыстары жүйелі ұйымдастырылуда. Жиын барысында ұсыныстар айтылып, іс — шараларға жаңа серпін берілетіні баса айтылды. Аудан имамы сондай — ақ шаралардың сапасына мән беру керектігін жеткізді.