preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: «Ислам және дәстүр құндылығы» атты жиын өтті

Талғар ауданы: «Ислам және дәстүр құндылығы» атты жиын өтті

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылдық «Зәм-зәм» мешітінде жергілікті дін қызметкерлерінің «Ислам және дәстүр құндылығы» атты жиыны өтті.

Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы қатысушы дін қызметкерлеріне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына байланысты Бағдарлық баяндамасында айтылған негізгі жұмыс бағыттары туралы айтып берді.

Бұдан бөлек, имамдар осы жылы жоспар бойынша атқарылатын шараларды талқылап, өз ойларын ортаға салды.