ТАЛҒАР АУДАНЫ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ»АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде «Ислам және отбасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты — Ислам діні шеңберінде отбасы құндылығы мен отбасын құрудың маңыздылығын ұғындыру. Жастарды отбасын құрудағы негізгі қағидалармен таныстыру. Шараның ашылу сөзін аудан имамы Ерқанат Серікұлы бастап, әйелдер — қыздар жамағатына қатысты атқарылып жатқан осындай шаралар мен жоспарларды таныстырды. Семинарда
“Нұр-Мүбарак” университетінің оқытушысы, исламтанушы Айгерім Қалқаева отбасындағы ерлі — зайыптылардың міндеті туралы насихат айтып, сауалдарға жауап берді.