preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ: КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫ: КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арнап Талғар ауданы «Белбұлақ» ауылдық мешітінде ауыл жамағатына арналған іс-шара өтті.

Мешіт ұстазы Сәуле Талғатқызының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты: Конституция — зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат екенін жиналған жамағатқа, шәкірттерге жеткізу болды. Айтылған шараны Талғар ауданының бас имамы Ерқанат Серікұлы өзінің құттықтау сөздерімен ашып берді. Оқушы балалардан құралған шәкірттер білімдерімен сайысқа түсіп, жеңімпаздар анықталды. Шараның ерекшелігі басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде мақал — мәтелдер, нақыл сөздер айтып қуантты.
ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызы “Отанды сүю- иманнан” тақырыбында жамағатқа насихат айтса, «Әйел — қыздар» секторының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гулмира Ілесбайқызы исламдағы бала тәрбиесі жайлы сөз қозғады.
Мешіт ұжымы жиналған жамағатқа барынша құрмет көрсетіп, дастархан жайды. Конституция күніне арнап, жамағаттың үлкендері құттықтау сөздерін жеткізді.
Шара соңында шәкірттерге алғыс хаттар беріп, сыйлықтар таратылды.