preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ: РАТБЕК ҚАЖЫ НЫСАНБАЙҰЛЫ ЖАМАҒАТПЕН КЕЗДЕСТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫ: РАТБЕК ҚАЖЫ НЫСАНБАЙҰЛЫ ЖАМАҒАТПЕН КЕЗДЕСТІ

Талғар аудандық » Әбу Бәкір ас-Сыддық » мешітінде тұңғыш мүфти Ратбек қажы Нысанбайұлының жамағатпен кездесуі ұйымдастырылды.

Ратбек қажы Нысанбайұлы қасиетті жұма күні аудан жамағатына «Ислам тарихы » тақырыбында уағыз айтып, жылы лебізін жеткізді. Жамағат, аудан тұрғындары, шәкірттері хазіретке зор ілтипат білдіріп, құрмет көрсетті. Аудан имамы Ерқанат Серікұлының бастамасымен Ратбек қажы Нысанбайұлына көпшілік атынан тұлпар сыйға тарту етілді.