preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ ҰСТАЗДАРМЕН ЖИЫН ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫ ҰСТАЗДАРМЕН ЖИЫН ӨТТІ

Сәуір айының 11-күні Алматы облысы Талғар ауданыны Биеке батыр мешітінде ұстаздарға жиналыс өткізілді. Жиналысқа ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгеруші Нұрғалиева Динара ұстаз, Алматы облысы әйел-қыздар секторының маманы Жаналиева Назерке Әкішқызы ұстаз және Алматы қаласы әйел-қыздар секторының маманы Гулмира Ілесбекқызы ұстаздар бой көрсетті. Жиын басрысында “Ұстаздың әдебі” тақырыбында, әртүрлі жасерекшелікті жамағатпен жұмыс жасау әдістерін, ұстаздардың әрдайым білімді жетілдіріп тұрудың маңыздығын қозғап, бас ұатаздар жас мамандармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Жиын әрі қарай, “Садақ ату -сүннетім” тақырыбындағы муфтияттың бекіткен жоспарлы кезекті практикалық шарасымен жалғасты. Шарада ұстаздар мен жамағат садақ ату өнерімен бөлісті. Шарада жамағатқа сүннет амалдарды жаңариып тұрудың маңыздылығы жайлы уағвз-насихат жасалды.