ТАЛҒАР АУДАНЫ: ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ
Талғар ауданы бойынша діни тақырыптағы зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
Ауданға қарасты мешіттерден барлығы 20 — ға жуық шәкірт қатысып, бақ сынасты. «Ислам ғибадаты» кітабының иман, тазалық, намаз баптары бойынша өткізілген сайысты ҚМДБ — ның оқу — ағарту бағытының Алматы облысы бойынша жауапты маманы Еншібай Сәкен, Талғар ауданының бас имамы Ерқанат Серікұлы бағалады. Нәтижесінде 3 орынды Белбұлақ ауылдық мешітінің шәкірті Қастеев Еркін, 2 орынды Қызыл — Қайрат ауылдық мешітінің шәкірті Қамажай Мұстафа, ал 1 орынды Панфилов ауылдық «Зам — Зам» мешітінің шәкірті Рақымбай Ысқақ иеленді. Ең жас қатысушыға арнайы ынталандыру сыйлығы беріліп, жүлдегерлер сыйлық пен алғыс хатқа ие болды. Қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірілді.